14 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бұйрығы №95

319 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
2015 жылғы 27 шілде,  Астана қаласы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, бұйырамын: 1. Бекітілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес; 2) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес; 3) «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес; 4) «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 4 қосымшасына сәйкес. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (әрі қарай - Комитет): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымындарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасы С.М. Айтпаеваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А.ДАУЫЛБАЕВ. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі _______________ Ә.ИСЕКЕШЕВ 2015 жылғы «12» тамыз «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е.ДОСАЕВ 2015 жылғы «7» тамыз Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі №95 бұйрығына 1-қосымша «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен әзірленді. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармаларымен (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы; 2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі: 1) ХҚКО құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінсе – 10 (он) минут ішінде; қосымша тексеру жүргізілген жағдайда – 3 (үш) жұмыс күні ішінде; шетелге шыққан жағдайда – 5 (бес) жұмыс күні ішінде. ХҚКО жүгінген кездегі құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзіміне кірмейді; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін берудің нысаны: электрондық. Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭСҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі. Анықтаманы қағаз түрінде алуға жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді, басылып шығарылады және қызмет берушінің уәкілетті тұлғаның мөрімен, қолтаңбасымен бекітіледі. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден сенбіні қосқан аралықта, ХҚКО орнатылған жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі астың үзілісінсіз. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек күту тәртібімен көрсетіледі, «электрондық» кезекті портал арқылы брондауға болады; 2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қажетті құжаттардың тізбесі: 1) ХҚКО-на: осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама беру туралы өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); он алты жасқа толмаған тұлғалар үшін баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады); мемлекеттік қызмет алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде, нотариуспен расталған сенімхат; 2) порталға: қызмет алушының электрондық сандық қолы қойылған электрондық сұрауы. Жеке басты куәландыратын, тууы туралы куәлік құжаттарының мәліметтерін қызмет көрсетуші және ХҚКО қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсеткенде ақпараттық жүйедегі заңмен қорғауды құрайтын құпия мәліметтерді пайдаланғанда, қызмет алушыдан жазбаша түрде келісім алады, егер бұл Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылмаса. ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдағанда қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі. ХҚКО дайын құжаттар жеке куәлігін ұсыну арқылы қолхаттың негізінде беріледі (болмаса оның өкіліне нотариуспен бекітілген сенімхат бойынша). ХҚКО нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, одан кейін қызмет берушіге әрі қарай сақтауға береді. Қызмет алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, ХҚКО сұрауы бойынша қызмет беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты қызмет алушыға беру үшін ХҚКО жолдайды. Портал арқылы жүгінген жағдайда қызмет алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ, күні, уақыты көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу туралы хабарлама жолданады. 10.Қызмет алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізілімге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша қызметті берушінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі 11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сұрақтары бойынша қызмет берушінің және (болмаса) оның лауазымды тұлғаларының, ХҚКО және (болмаса) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 14 - тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша шағымданады. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы болмаса қызмет берушінің кеңселеріне арқылы қолма-қол қабылданады. Қызмет берушінің кеңселеріне шағымның қабылдануының дәлелдемесі оны тіркеу (мөр таңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. ХҚКО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына беріледі. Қолма-қол, пошта арқылы түскен ХҚКО шағымды қабылдаудың дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Портал арқылы жүгінгенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Шағымды портал арқылы жібергенде қызмет алушыға «жеке кабинетінен» өңдеу барысында жаңартылған өтініш жөніндегі ақпаратқа қол жетімділік бар, яғни қызмет беруші өтінішті өңдеу кезінде ол жаңаланып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау болмаса қараудан бас тарту туралы жауап). Шағымда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі. Қызмет берушінің немесе ХҚКО мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі болмаса қызмет берушінің, ХҚКО кеңселері арқылы қолма-қол беріледі. Электрондық түрде портал арқылы жүгінген жағдайда, қызмет алушыға «жеке кабинетінен» өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа қолжетімділік бар (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау болмаса қараудан бас тарту туралы жауап). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар, оның ішінде, электрондық түрде және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 13. Орнатылған заңнама тәртібінде толық/жартылай қабілетін болмаса өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлау мүмкіндігін жоғалтқан қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдау Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгіну көмегімен мекенжайына бару арқылы ХҚКО қызметкерлерімен жүргізіледі. 14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарында орналасқан: 1) қызмет беруші: www.prokuror.kz; 2) ХҚО: www.con.gov.kz; 15. Қызмет алушының ЭСҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар. 16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс орталығы көмегімен қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндігі бар. 17. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары қызмет берушінің ғаламтор-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы: (1414). «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ________________________________________________________ (Комитеттің аумақтық басқармасының атауын көрсету керек) басқармасының бастығы __________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы) Нысан Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама беру бойынша ӨТІНІШ Сізден Комитеттің есебі бойынша менімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаным туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама беруіңізді сұраймын. __________________________________________________________________ (анықтаманың түрін көрсету керек, қағаз жүзінде болмаса электрондық түрде) Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Қолы Күні «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша ______________________________________________________________________ (тегі,аты, әкесінің аты (болған жағдайда) болмаса қызмет алушы мекеменің атауы) ______________________________________________________________________ (қызмет алушының мекенжайы) Нысан Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы Қолхат 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №___ бөлімі (мекенжайын көрсету керек), Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: Жоқ құжаттардың атауы: 1) _______________________________________; 2) _______________________________________; 3) _______________________________________ ... Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада құрастырылған. ХҚО қызметкерінің аты,тегі,әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы) Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты ______________ Тел. _______________________ Қабылдады: тегі, аты, әкесінің аты / көрсетілетін қызметті алушының қолы. 20__жылғы «___»______________ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі №95 бұйрығына 2-қосымша «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету). 2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары (бұдан әрі қызмет беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) қызмет берушінің кеңсесі арқылы; 2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) қызмет көрсетушіге немесе ХҚКО құжаттар топтамасын өткізу уақытынан бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн; ХҚКО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. 2)құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет алушы). 8. Жұмыс кестесі: 1) қызмет берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі. 2) ХҚКОда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, орталықтың орнатылған жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден сенбі күнін қоса алғанға дейін, үзіліссіз 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет қызмет берушінің орналасқан жері бойынша көрсетіледі, қабылдау жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде іске асады. 9. Қызмет алушының болмаса сенімхат бойынша оның өкілінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінгенде қажетті құжаттардың тізбесі (басқа елдерден келіп түскен сұраулардан басқа): қызмет көрсетушіге: 1) осы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартының 1 қосымшасына сәйкес нысаны бойынша мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық сақтық көшірме немесе үзінді көшірмесін беру туралы өтініш; 2) жеке куәлік (жеке басты сәйкестендіру үшін); 3) туыстарына ақпарат алу кезінде туыстық деңгейін растайтын тиісті құжаттар (туу туралы куәлік, заңды деректі анықтау туралы заңды күшіне енген тиісті сот шешімі); 4) мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға ұсынған кезде - нотариуспен расталған сенімхат; ХҚКО-на: 1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық сақтық көшірме немесе үзінді көшірмесін беру туралы өтініш; 2) жеке куәлік (жеке басты сәйкестендіру үшін); 3) туыстарына ақпарат алу кезінде туыстық деңгейін растайтын тиісті құжаттар (туу туралы куәлік, заңды деректі анықтау туралы заңды күшіне енген тиісті сот шешімі); 4) мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға ұсынған кезде - нотариуспен расталған сенімхат. Жеке басты куәландыратын, тууы туралы куәлік құжаттарының мәліметтерін қызмет көрсетуші және ХҚКО қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсеткенде ақпараттық жүйедегі заңмен қорғауды құрайтын құпия мәліметтерді пайдаланғанда, қызмет алушыдан жазбаша түрде келісім алады, егер бұл Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылмаса. ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдағанда қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі. ХҚКО дайын құжаттар жеке куәлігін ұсыну арқылы қолхаттың негізінде беріледі (болмаса оның өкіліне нотариуспен бекітілген сенімхат бойынша). ХҚКО нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, одан кейін қызмет берушіге әрі қарай сақтауға береді. Қызмет алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, ХҚКО сұрауы бойынша қызмет беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты қызмет алушыға беру үшін ХҚКО жолдайды. 10. Қызмет алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізілімге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет берушінің ХҚКО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі 11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет берушінің ХҚКО-ның және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану, шағым қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жолданады. Шағымдар еркін нысанда беріледі және жазбаша түрде пошта арқылы не қызмет берушінің кеңсесі арқылы қабылданады. Қызмет берушінің кеңселеріне шағымның қабылдануының дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. ХҚКО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына беріледі. Қолма-қол, пошта арқылы түскен ХҚКО шағымды қабылдаудың дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Шағымда: 1) жеке тұлғаларға - оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы; 2) заңды тұлғаларға - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетiледi. Қызмет берушінің немесе ХҚКО мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі болмаса қызмет берушінің, ХҚКО кеңселері арқылы қолма-қол беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Қызмет алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. 12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО жеке келу мүмкіндігі жоқ қызмет алушылар тұрғылықты жері бойынша ХҚКО қызметкерлерінің құжат қабылдауға шығу сұрағы бойынша Бірыңғай байланыс орталығына 1414 жүгінуіне болады. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарында орналасқан: 1) қызмет берушінікі: www.prokuror.kz; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі. 2) ХҚО: www.con.gov.kz; 15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс орталығы көмегімен қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндігі бар. 16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары қызмет берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы: (1414). «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасарына __________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) ____________________________ (ЖСН мен пошталық мекенжайы) Мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірме немесе үзінді көшірмесін беру туралы ӨТІНІШ Сізден маған, мұрағаттық анықтама талап етілетін туысқандарыма қатысты мұрағаттық анықтама, мұрағаттық көшірме немесе мұрағаттық үзінді көшірмесін беруіңізді сұраймын: (қажетінің астын сызыңыз) 1.____________________,___________________________________,____________________ (туыстық дәрежесі) (тегі, аты, әкесінің аты) (ұлты) 19_____жылы_______________________________________________________________туған (қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз) ______________________________________________________________________________ (туған жері, қоныс аударғанға дейінгі тұрғылықты жері) _______________________________________________________________________________ (қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз) және 19__ жылы ________________________________________________________________ __________арнайы қонысына келді (ауылды, колхозды, совхозды, ауданды көрсетіңіз) ______________________________________________________________________________ (арнайы қоныста болған қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы және ______________________________________________________________ қоныс аударылды басқа да мәліметтерді көрсетіңіз) 2.__________________,______________________________________,____________________ (туыстық дәрежесі) (тегі, аты, әкесінің аты) (ұлты) 19_____жылы_______________________________________________________________ туған (қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз) ______________________________________________________________________________ (туған жері, қоныс аударғанға дейінгі тұрғылықты жері) ________________________________________________________________________________ (қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз) және 19__ жылы ________________________________________________________________ ____________________________________арнайы қонысына келді ________________________________________________________________________________ (арнайы қоныста болған қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы және ______________________________________________________________ қоныс аударылды басқа да мәліметтерді көрсетіңіз) 3. __________________,______________________________________,____________________ (туыстық дәрежесі) (тегі, аты, әкесінің аты) (ұлты) 19_____жылы_______________________________________________________________туған (қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз) ______________________________________________________________________________ (туған жері, қоныс аударғанға дейінгі тұрғылықты жері) ________________________________________________________________________________ (қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз) және 19__ жылы ________________________________________________________________ ____________________________________________________________арнайы қонысына келді (арнайы қоныста болған қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы және ________________________________________________________________ қоныс аударылды басқа да мәліметтерді көрсетіңіз) Қосымша:_______________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ (құжаттардың саны мен тізбесін көрсетіңіз) Өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты: ____________________________________________________ (қысқартпай көрсетіңіз, анықтама телефоны) Қолы________________ 20____ жылғы «__»_______ Ескертпе: тектері, аттары және әкесінің аттары, туған күндері мен жерлері баспа әріптерімен толтырылады, өтінішті толтыру кезінде бұрынғы және өзгертілген өмірбаян деректері міндетті түрде көрсетілуі тиіс «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымша ________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қызмет алушы мекеменің атауы) ____________________________ (қызмет алушының мекенжайы) Нысан Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы ҚОЛХАТ «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №___ бөлімі (мекенжайын көрсету керек), Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті көрсету үшін (мемлекеттік қызметтің атауы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: жоқ құжаттардың атауы: _______________________________________; _______________________________________; _______________________________________ ... Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды. ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________ Тел. _______________________ Қабылдады: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / көрсетілетін қызметті алушының қолы 20__жылғы «___»______________ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі №95 бұйрығына 3-қосымша «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап: көрсетілетін қызметті берушіге – 1 жұмыс күні; Астана қаласында орналасқан ХҚО – 3 (үш) жұмыс күні; өзге ХҚО – күнтізбелік 30 (отыз) күн; 2) құжаттар топтамасын тапсыратын және құжаттарды алған кезде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. Құжаттарды тапсырған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚО-ы арасында өзара әрекеттесу курьер немесе пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тұлғаның қолының шынайылығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның шынайылығын растайтын арнайы мөртаңба апостиль қойылған құжат. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабы 8) тармақшасына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 50% мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен сағат 09.00-ден 17.30-ге дейін жүзеге асырылады. 2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз. Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «брондауға» болады. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) қызметті берушіге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы өтініш; жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін); шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабының күшін жоятын Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумағында заңдастырылуы талап етілетін прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжаты; мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек; 2) ХҚО-ға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы өтініш; жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін); шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабының күшін жоятын Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумағында заңдастырылуы талап етілетін прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжаты; мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлғаның білдіруіне арналған нотариус растаған сенімхат және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариус растаған көшірмесі де ұсынылады. ХҚО қызметкерлері жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. ХҚО қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалған құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. Құжаттар ХҚО арқылы қабылданған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі. ХҚО-да дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке басты куәландыратын құжатты (немесе оның өкілінің нотариус растаған сенімхаты бойынша) ұсынған кезде жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу үшін келмеген жағдайында ХҚО нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, кейіннен оны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады. 10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша қолхат береді. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі 11. Шағым көрсетілетін қызмет беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекен-жайлар бойынша жолданады. ХҚО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына жолданады. ХҚО басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген. Шағымдар жазбаша түрде пошта байланысы арқылы не кеңсе арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымға тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), поштасының мекен-жайын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін басшыға жолдан